Аудандық білім бөлімі өткен оқу жылында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қазанындағы №726 қаулысымен бекітілген "Білімді ұлт: сапалы білім беру" ұлттық жобасына сәйкес тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мен оқыту мақсатында жұмыстар атқарды.
2021-2022 оқу жылында Балқаш ауданында 23 мектепте: оның ішінде 1 мектеп-гимназия, 18 орта, 1 мектеп-интернат, 1 негізгі мектеп жанындағы интернат (Үшжарма н.о.м.), 2 бастауыш мектепте оқу жылын 5387 оқушы бастап, 5381 оқушы аяқтады. Сонымен бірге 130 оқушы қосымша Бақанас саз мектебінде тәлім алды.
Аудан бойынша 8 балабақша және 14 шағын орталық жұмыс жасайды. 1-6 жас аралығында барлығы 2623 бала бар. Оның 1535-і мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленеді, ол -93,3% құрайды. Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 3-6 жастағы балалардың үлесі 99,8% пайызға жетті. Жоспар – 95,5%; Жалпы қажеттіліктен мектепке дейінгі ұйымдардағы орынға қажеттілік қысқартылды.
Оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы 64,7 пайыз болды.
2021-2022 оқу жылында мектеп түлектерін ҰБТ сынағына дайындау мақсатында қыркүйек айынан бастап оқу жылының аяғына дейін байқау сынақтары алынып, әр байқау сынағының нәтижелері талқыланып отырды. Тиісті шешімдер қабылданып, нақты шаралар белгіленді.
Аудан бойынша 23 мектептің 20-сында 270 түлек мектеп бітірді. Оның ішінде 251-і қазақ, 19-орыс сыныбында оқыды. ҰБТ-ге қатысуға өтініш білдіргендер саны I кезеңге барлығы-180 түлек, одан 172 түлек қатысты.
ҰБТ-ң II кезеңіне 178 түлек өтініш білдіріп, 166 түлек қатысты. ІІ кезең бойынша орташа балл ш/пен - 59,3, шығармашылықсыз-68,5 балл. Ең жоғарғы балл-129,
ҰБТ қорытындысы бойынша мектеп түлектерінен жоғары оқу орнының грантына – 70 (38,8%) өткен жылы 63, ақылы бөлімге -39 (21,6%), колледжге грантына – 41 (22,8%) өткен жылы 43, ақылы бөліміне – 51 (28,3%) түсті.
Бұл – баса назар аударатын жайт. Сонда мұғалімдер осы оқушылар білімін қалай кіл «5» деп бағалаған. Олардың стандарт бойынша емес, салыстырмалы бағалағаны байқалып тұр. Бұл орайда, мектеп басшыларының да «Алтын белгі» белгісіне үміткерлер білімін бағалауға жауапкершіліксіз қараған. Олар әр жиында аудандық байқау сынақтарының қорытындысын талдады ғой. Және білім бөліміне ұсынды. Сонда сол жиынның шешімін шығаруда, білім бөліміне ұсыныс беруде қалай үстірт қарағанына таң қалмасқа амал жоқ.
Алдағы оқу жылы бұл мәселе өте қатаң қадағалауда болады. Аудандық білім бөлімі осы мәселе бойынша арнайы мәселе қарап, мектеп басшыларына, пәндерінен тиісті балл алмаған пән мұғалімдерінің білім деңгейі сараланып, өткен оқу жылындағы журналға қойылған бағалар бойынша зерттеулер жүргізіп,
нақты шешім шығаратын болады. Өте өрескел қателіктерге жол берген мектеп басшыларына лауазымынан босатылуға дейін шара қолданылады.
2021-2022 оқу жылында аудан бойынша бойынша 852 педагог: оның ішінде жоғары санатты – 148 (17,3%), бірінші санат – 286 (33,5%), екінші санатты – 199 (23,3%), санаты жоқтар – 158 (18,5%) педагог еңбек етсе, қосымша: 116 педагог-модератор, 215 педагог-сарапшы, 74 педагог-зерттеуші, 3 педагог-шебер болып санаттарына байланысты айлық жалақылары 30, 35, 40, 50 пайызға дейін көтерілді.
Қазіргі таңда аудан білім мекемелерінде ағылшын тілі, математика, орыс тілінде сабақ жүргізетін бастауыш сынып мұғалімі – барлығы 8 пән мұғалімі жетіспейді. Аудандық білім бөлімі Талдықорған қаласындағы Жетісу мемлекеттік университетіне және Алматы қаласындағы Алматы педагогикалық және Қыздар педагогикалық университеттерінде өткен жәрмеңкелерге қатысып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Биылғы жылғы кадрларды жұмысқа қабылдау ережесі өзгергендіктен, білім мекемелері еңбек.кз-ке өздеріндегі бар орындарға конкурс жариялауда.
2021-2022 оқу жылында Алматы облыстық педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және Талдықорған қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы тарапынан ұйымдастырылған пән мұғалімдеріне арналған курсқа 2021 жылы 310 педагог қатысып, өз біліктілігін көтерді. Бұл барлық педагогтардың 55% құрайды.
«Білім және жаңа инновациялық технологиялар орталығынан» 18 директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 15 педагог- ұйымдастырушы, 21 әлеуметтік педагог, 118 сынып жетекші – барлығы 172 педагогымыз арнайы курстардан білім жетілдірді. 200 мұғалім республикалық Даму институтынан
екі апталық білім жетілдіру курстарынан өтті.
Сонымен бірге «Физиканы оқытуда PISA тапсырмаларын қолдану арқылы оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру» тақырыбында физика пәні педагогтерінің сұранысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру» институтының тренері Назима Жақыпованың үш күндік ақылы оқыту вебинары онлайн режимде өткізіліп, семинарға 22 физика пәні мұғалімі қатысты.
Бүгінгі адами капитал қалыптасқан кезеңде білім беру жүйесі де түбегейлі өзгерді. Жаңа кезең талабына орай білім беру көп ізденісті талап етеді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «...Біз қазіргі заманның жаңаша талаптары мен үрдістеріне әрқашан сай болуымыз керек.
Бұл үшін бір орында тұрып қалмай, ілгері жылжу басты мақсат болуы тиіс. Сондықтан, білімі терең, ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік жүктеледі» - деп арнайы атап өткен болатын.
Балқаш аудандық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы әдіскерлері тарапынан Береке, Бірлік, Ақдала, Көкжиде т.б. - барлығы 14 мектепке «Білім саласындағы олқылықтарды жою жолдары» тақырыбында әдістемелік күн өткізілді. Әдістемелік күн кезінде аудандық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері «Олқылықтарды жою мақсатында негізгі пәндер және бастауыш сыныптар бойынша жұмыстарды жетілдіру жолдары» және тәрбие жұмыстарын жетілдіру мақсатында «Білім беру тұжырымдамасына сай тәрбие бағыттарын дамытып, кешенді жоспар құруды жүйелі ұйымдастыру» тақырыптарында таныстырылымдар жасап, мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмектер көрсетті.
Сонымен бірге «Мектеп мұғалімдерінің РISA халықаралық зерттеуіне дайындық жұмыстарын жетілдіру жолдары» тақырыптарында №1 Жамбыл, Бақанас мектеп-интернаты, Ж.Бәрібаев және Ақкөл орта мектебіне әдістемелік көмек көрсетілді. Әдістемелік көмек кезінде республикамызда осы кезге дейінгі алынған РISA халықаралық зерттеуіндегі көрсеткіштер таныстырылды. РISA халықаралық зерттеуіне дайындау мақсатында аудан әдіскерлері дайындаған тапсырмалар бойынша тест сынақтары алынып, мұғалімдермен бірлескен талдау жасалды.
Аудан мектептерінде қоғамдық пәндер бойынша «Kundelik.kz» жүйесінің жұмысын бақылау мақсатында әдістемелік көмектер ұйымдастырылды. Н.Бозжанов ат.ом, №2 Жамбыл ат.ом, Жиделі орта мектептерінің тарих пәні мұғалімдерінің тарих пәнінің оқытылу жағдайына мониторингілеу жасалды. Шағын жинақты бастауыш және орта мектептердегі инновациялық қызмет жағдайын мониторингілей отырып, сабаққа қатысу арқылы көмек берілді. Аудан білім мекемелеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне «Білім алушылардың оқылым, жазылым дағдыларын жетілдіру жолдары» тақырыбындағы семинар-тренинг, бастауыш сынып мұғалімдеріне «Функционалдық сауаттылық - білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары», «Бастауыш сыныпта білім сапасын арттырудың тиімді жолдары», орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне «Мәтінмен жұмыс функционалдық оқу сауаттылығын дамытудың негізгі тәсілі ретінде» тақырыбында оқыту вебинарлары, «Білім сапасындағы олқылықтарды жоюда мониторинг жүргізудің ролі» тақырыбында оқу ісі орынбасарларына арналған дискуссиялық алаң, шағын жинақы мектептерінің педагогтарына арналған «Мұғалімдердің бойына орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қажетті дағдыларды қалыптастыру», «Дүние жүзі тарих пәнін жүргізуде критериалды бағалауды қолданудың тиімділігі», «Ағылшын тілі сабақтарында жаңа әдіс–тәсілдер арқылы оқушылардың таным қабілеттерін арттырудың жолдары», «Жаңа рух, жаңа серпін» жобасы аясында: Тарих пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін арттыру түрлері мен әдістері» тақырыптарында зум платформасында дискуссиялық алаңдар, семинар-практикумдар барлығы 36 шара өтті.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен кеңейтілген алқа отырысында: «Ауылдық және қалалық мектеп оқушылары арасындағы білім сапасы бойынша алшақтықты азайту – білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі. Жетекші оқу орындары ауыл мектептеріне әдістемелік көмек көрсетіп, олармен тәжірибе алмасатын болады» - деп атап өткен еді. Осы орайда, «Оқитын мектеп» жобасы аясында Жамбыл ауданындағы Қарғалы дарынды балаларды оқыту лицейімен Б.Бейсекбаев, Д.Қонаев және Бірлік орта мектептері желілік байланыс орнатып, білім беру ұйымдарына олардың озат тәжірибелерін енгізді. Ай сайын енгізілген өзгерістер мен жүргізілген жұмыстар талқыланып, алдағы мерзімдерге түрлі шаралар белгіленіп отырды. Нәтижесінде аталған мектептердегі білім сапасы өткен жылдағыдан жоғары көрсеткішке жетті. Алдағы оқу жылында аталған бағытта Қарғалы лицейі тәжірибесін желілік байланысты нығайтып, аудандағы өзге мектептерге енгізу жоспарлануда.
Шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, ой өрісі биік, парасатты өзіндік авторлық жаңашыл идеясы бар, ғылыми-әдістемелік шеберлігі қалыптасқан, педагогикалық мәдениеті жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау мақсатында аудандық "Әдістемелік сандықша" байқауы өткізіліп, бас жүлдеге ие болған №2 Жамбыл атындағы орта мектептің педагог-психологы Найзабекова Меруерт облыстық
кезеңде 3-орын иеленді.
Аудандық «Үздік педагог-2022» аудандық байқауынан Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Тоғанбай Арман, «Жылдың үздік мұғалімі-2022» байқауынан Б.Бейсекбаев атындағы мектеп гимназиясының химия пәнінің мұғалімі Буркутов Жаслан, «Жыл сынып жетекшісі» байқауынан М.Сеңгірбаев атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Ахатаева Сандуғаш бас жүлде иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Аудан мұғалімдерінің намыс туын желбірететін аталған ұстаздарымыз жаңа оқу жылының басында облыстық кезеңге қатысатын болады.
Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы әр аптаның жұма күндерінде кестеге сәйкес zoom платформасында пән мұғалімдерімен ашық сұхбаттар алаңын өткізді. Алаңда әдіскерлер мен пән мұғалімдерімен өзекті мәселелерді талқылады. «Жаратылыстану пәндері бойынша оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін ұйымдастыру» тақырыбында өткен
Республикалық онлайн семинарға 4 мұғалім қатысты.
Онлайн форматта жүргізіліп отырған ЖМЦ пәндерінде әдіс-тәсілдерді және интернет платформаларымен электронды материалдарды қолдануды үйрету мақсатында «Қашықтан оқытуда ЖМЦ пәндерін жүргізудің тиімді жолдары» тақырыбында Бірлік орта мектебінің ұймдастырумен тәжірибелік вебинар, Бақтыораз Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясы базасында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Педагогикалық тандем» байқауы өтті. Қатысушылар ұсынылған бағыттар бойынша бір бағытты таңдап, ықшам сабақ, шағын тренинг, шебер-класс, ортақ жұмыс жүйесінің таныстырылымы, ортақ жоба т.б жұмыстарын қатысушылардың назарына ұсынды. Байқауға әр мектептен 12 жас маман өз тәлімгерімен қатысты. Жас мамандардың жұмыс барысы ережеде көрсетілген бағалау критерийлері бойынша сараланып, жеңімпаздар арнайы жүлделі орындармен марапатталды.
Өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру; оқушылардың бойында жауапкершілік, туған өлке мен елдің мәселелерін талқылауға және шешуге қатыстылық сезімін тәрбиелеу; аудандық пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау мақсатында аудандық "Ұшқыр ой алаңы" дебаттық турниріне қатысқан 20 мектептің командаларынан Н.Бозжанов атындағы орта мектептің "Жігер" командасы бас жүлде алып, облыстық кезеңде Алғыс хатқа ие болды.
«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы» тарапынан ұйымдастырылған «Әдістемелік қызметтегі тиімді тәсілдер мен инновациялық амалдар» диалогтік алаңында аудандық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының аға әдіскері Ж.Қойшығұлов «Зерттеу әдістері арқылы педагог кадрлардың жауапкершілігі мен құзыреттілігін арттыру жолдары» тақырыбында, аудандық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері П.Абенова
«Әдістемелік қызметтегі тиімді тәсілдер мен инновациялық амалдар» тақырыбында таныстырылым жасап, өз тәжірибесін бөлісті.
Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Нурекеева Альфия еңбегі облыстық «PIRLS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ: Мәтін
және тапсырмалар үлгілері» тақырыбындағы жинаққа енді.
Мұғалімдер шығармашылығын дамыту жұмыстары да талапқа сай жүзеге асырылды. Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы құзыреттіліктерін қалыптастыру тапсырмалар жинағы» атты облыстық жинаққа Қарағаш орта мектебі химия пәнінің мұғалімі Меркібаева Динара мен №2 Жамбыл атындағы орта мектептің география пәнінің мұғалімі Мустафина Мейрамкулдің тапсырмалары енді.
Балқаш ауданы бойынша Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша тәрбие саласында 8 бағытта жұмыс жүргізілді. Балқаш ауданы бойынша 2021-2022 оқу жылында білім мекемелерінде өзін-өзі басқару «Жас Ұлан», «Адал ұрпақ» ұйымдарының жұмыстарының мақсаты: Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, көзқарасын нығайту, білім және мәдени деңгейін арттыру.
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімінде 132 спорттық секция бойынша 2652 оқушы, 29 үйірмеге 980 оқушы қамтылған. Жыл басында ата-аналармен жүргізілетін жұмыс жоспары бекітілді. Жоспар бойынша білім мекемелерінде ата-аналар жиналысы дистанционды түрде «WatsApp желісі» платформасы арқылы өткізілді. Жалпы ата-аналар жиналысын өткізу кезінде облыстық білім басқармасының 26 тамыз 2021 жылғы №125 хатын басшылыққа ала отырып, оқу жылында түрлі шектеу шаралары кезінде босаңсыған білімдерді толықтырып, әр негізгі пән бойынша тиісті оқу материалын, әр оқушының білімін толықтырып қамтамасыз ету және де санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды орындай отырып, білім алу керектігі аталып өтілді. Жиналыс барысында мектеп әкімшіліктері ата-аналармен бірлесе отырып, мектептің және әр сыныптың ата-аналар алқасын анықтап, сайлады.
Аудан бойынша 21 «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымына 672 оқушы тартылған. Аудан деңгейінде «Өзін-өзі басқару өзгенің жолын ашу», «Болашақ өмірді таңдау жолы», «Мектептер іс-тәжірибесінен» тақырыптарында 3 шара, өзге де тақырыптарда мектепішілік 56 шара ұйымдастырылып, сол шараларға 2430 бала қамтылды. Аталған шаралар бойынша интернет желілеріне 512 сілтеме жарияланды.
Білім мекемелеріндегі «Жас ұлан» және «Жас қыран» ұйымдарының 4028 мүшесі бар. Жыл бойында аудан деңгейінде «Талаптыға нұр жауар», «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» тақырыптарында 2 шара, мектепішілік 48 шара ұйымдастырылып, оған 4028 оқушы қамтылды. Интернет желілеріне 804 сілтеме салынды.
Мектептердегі дебаттық клубтар саны -21, мүшелер саны -490. Аудандық деңгейде «Пікір-сайыс сөз додасы», «Дебат – ұрыс алаңы емес», «Ел ертеңі – жастар» ой-бөліс сайысы шаралары, мектепішілік деңгейде 45 шара ұйымдастырылды. Аталған шараларға 1340 оқушы қамтылды. Интернет желілеріне 194 сілтеме жарияланды.
Мектептерде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында аудан дегейінде 14 шара, мектепішілік деңгейде 56 шара ұйымдастырылып, оқушылардың кітап оқуға ынтасын арттыру шаралары өтті. Интернет желілеріне 1028 сілтеме жарық көрді.
Қамқоршылық акциясы жыл бойы дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы аясында кәсіпкерлер және мектеп ұжымдары тарапынан аз қамтылған, көпбалалы отбасындағы 457 балаға 8.460 мың (сегіз миллион төрт жүз алпыс мың) тенгенің көмегі көрсетілді.
Оқушылар талапқа сай демалу үшін жазғы демалыстар ұйымдастырылды. Балқаш аудандық білім бөлімі мекемелеріндегі жалпы 5381 оқушының ішіненлагерьлерге қамтылған бала саны – 4875. 1200 оқушы мектеп жанындағы сауықтыру лагеріне қамтылды. Ата-аналардың демеушілігімен қала сыртындағы «Эдельвейс» спорттық-сауықтыру демалыс лагерінде 54, ауыл әкімдерінің демеушілігімен қала сыртындағы «Эделвейс» демалыс лагеріне 46, «Жалпыға бірдей міндетті білім қоры» есебінен 398 бала демалды. Қосымша ән-би, домбыра, вокал үйірмелеріне 280 бала тартылды. 2897 оқушы ата-аналар, мекеме басшылары, кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының демеушілігімен ауданның «Тарихи өлкетану музейіне», Таңбалы тас шатқалына, Кочевник, Көне Қарамерген қалашығына, қала сыртына «Гавайға»т.б жерлерге эксурсия жасады. Бұл ауданымыздағы үш кезеңнің көрсеткіші 100 пайызды құрайды.
Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында 18 мектеп жанынан 930 балаға тамақсыз күндізгі пәндік лагерь, қосымша үйірмелерге 2025 бала, қала сыртындағы «Эдельвейс» демалыс лагеріне -230, «Бөбекке»-1, «Балдауренге» 18 оқушы (оқушылардың 62%-ы) тартылды.
Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында жоспарланған шаралар толық жүзеге асырылды. 2022 жылдың 23-30 аралығында республикалық жалпы пән олимпиадасының облыстық кезеңіне Балқаш ауданы бойынша білім беру ұйымдарынан 19 бала жолдама алып, 17 бала қатысты. Білімі сынға түскен 17 оқушының 9-ы жүлделі 2-3 орынды иеленді. Ол 52,9 % құрайды.
«Дарын» ғылыми-жобалар байқауының облыстық кезеңіне 18 оқушы қатысып, 4 оқушы жүлдегер атанды. 2-7-сынып оқушыларына арналған «Зерде» ғылыми жобалар байқауынан 3 оқушы 3-орынға ие болды. Бұл – тек Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназия педагогтарының оқушыларды бәсекелікке қабілеттілігін қалыптастырудағы үлкен ізденісінің көрінісі. Себебі 3 оқушы да – осы гимназияның білім алушылары. Қалған білім мекемелерінің оқушыларының бұл білім бәйгесінен мүлдем көрінбеуі педагогтар қауымының жұмыс деңгейін көрсетсе керек.
Оқушыларды түрлі деңгейдегі жарыстарға дайындауда нәтижелі жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде М.Сеңгірбаев атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Құдайберген Нұрым Атырау қаласында ұйымдастырылыған WKF каратэден кадеттер және жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.
Алматы облысы бойынша Қонаев қаласында ұйымдастырылған "Баскетбол" жарысынан Балқаш ауданының 8-9 сынып оқушылары 2-орынға (жетекшісі – Байғожа Самат, Бірлік орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі), 6-7 сынып оқушылары бойынша "Баскетболдан» өткен облыстық жарыста 3-орынға (жетекшісі – Елгелді Елдар, Б.Бейсекбаев МГ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі) ие болды.
Қазақ прозасының қара нары атанған Әбіш Кекілбаев шығармаларын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында Ә.Кекілбаев оқуының облыстық кезеңінде «Иллюстрациялық суреттер салу» бағыты бойынша №2 Жамбыл атындағы орта мектептің 10–сынып оқушысы Әнуарқызы Мәншүктің (жетекшісі – Кашкеева Алуа) 2-орынға, Хантәңірінің мұзбалағы М.Мақатаев шығармаларын насихаттау мақсатында М.Мақатаев аудандық оқуы өткізіліп, аталған оқудың облыстық кезеңіне қатысқан Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Нұрайдарқызы Аянат (жетекшісі – Чеканова Маржан) «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды» номинациясы бойынша Береке орта мектебінің 8-сынып оқушысы Азатқызы Нұрайым (жетекшісі – Дулатова Дариға) «Айтып өткен ақында арман бар ма?» номинациясы бойынша ІІ орынға ие болуы ұстаздар қауымының үздіксіз жүргізген еңбектерінің нәтижесі деуге болады.
Замана талабына, уақыт ағымына орай оқушылар қабілетін дамыту бағытында көптеген шаралар ұйымдастырып, ерекше ізденістер танытып жүрген «Бақанас Саз мектебінің» де жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай. Бейбітшілік Әлемі Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне «Тәуелсіздік – тірегім, теберігім!» атты Халықаралық өнер фестивалінде Ольга Филиз (жетекшісі - Алсаева Эльвира), II Халықаралық «Көктем шуағы» фестивалінде Асанбай Шолпан, вокалдық топта Серікқали Бекнар, Омархан Іңкәрдің (жетекшісі - Болысбекова Бахытгуль) Бас жүлдеге, Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына арналған «Күй анасы-Дина» Республикалық байқауында Жиренбай Аяжан 1-ші орынға (жетекшісі - Муканова Кенжегуль) және өзге де дарынды оқушылардың түрлі байқауларда жүлделерге ие болуы аталған ұжымның талапқа сай жүргізген жұмыстарының нәтижесі екенін көрсетеді.
Оқушылардың талапқа сай білім алуының және бір шарты – кітапхана жұмысы. Биылғы жылы «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының 3-көрсеткіші бойынша Жиделі, Бірлік, Ә.Ахметов, Н.Бозжанов, Б.Бейсекбаев, Топар, М.Сеңгірбаев атындағы орта мектебі – барлығы 7 мектептің кітапханасы модернизациядан өтті.
Аудандық білім беру мекемелері 2833 компьютерлік техникамен жабдықталған. Биылғы оқу жылында облыс тарапынан 20 компьютер сатып алуға мемлекеттік сатып алудың ашық конкурсы жарияланып, 5 миллион 600 мың теңге қаражат бөлінді. 2022 жылы аудан бойынша бір компьютерге 2 оқушыдан келеді. 2022-2023 оқу жылына 1 компьютерге 1.8 оқушыдан келу жоспарлануда. Кеңжолақты оптика-талшықты 15 білім беру мекемесі қосылған, 70,6 пайызды құрайды, бұл көрсеткіш алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда 30,5 пайызға артты.
2021-2022 оқу жылы білім мекемелері тағы да 2 физика, 3 химия, 2 биология кабинеттерімен жабдықталды. Жалпы жаңа модификациялық кабинеттермен физика - 15, химия - 12, биология - 12 жабдықталып, көрсеткіші – 86% құрайды. Биылғы жылы 5 кабинетпен (2 физика, 2 химия, 1 биология) жабдықталады деп күтіліп, үлесі 90% болады деп жоспарлануда. Аудан мектептері 13 лингафонды-мультимедиялық кабинеттермен жабдықталған, жабдықталу үлесі 56%.
Мектеп оқушыларын оқулықтармен қамтамасыз ету мақсатында 29,081 млн (27,581 млн оқулыққа, 1,5 млн тасымалдауға) қаржы бөлінді. Аудандық білім бөлімі «Мектеп», «Атамұра», «Алматыкітап», «Оксфорд», «Express Publishing», «Қазақ энциклопедиясы», «Көкжиек-Горизонт», «Арман-ПВ» т.б. – барлығы 11 баспамен келісім шартқа отырды. Бүгінгі кезге дейін "Мектеп" баспасынан 3228 оқулық тасылды. Алдағы 27 тамызға дейін оқулықтар толық тасымалданатын болады.
Қазіргі таңда білім саласы да жаңа Қазақстанды орнату мақсатында түрлі тиімді шаралар жүргізуді қолға алды. Уақыт ағымына орай білім беру үшін Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Педагогика Академиясы жекелеген пәндерді қысқарту, жаңа пәндер енгізу мақсатында көптеген шаралар белгіледі. 2022-2023 оқу жылына арналған «Әдістемелік нұсқау хатта» негізгі мақсаттар анық түсіндіріліп жазылды. Аудан білім мекемелерінің басшылары, директорларының орынбасарлары және педагогтары бойынша ашылған чаттарда бұл мәселелер осы кезге дейін жан-жақты талқыланды. Сонымен бірге биылғы қысқарған пәндер мұғалімдерін де түрлі жүктемелермен қамтамасыз етуге тапсырмалар берілді. Мектеп педагогтарының да алдағы мерзімде енгізіліп жатқан пәндерге дайындау бойынша арнайы кесте жасалып, педагогтарды қайта даярлау үшін құзыретті органдарға сұраныстар жіберілді.
Аудан білім беру мекемелерде білім сапасын арттыру және тәрбие жұмыстарын жетілдіру мақсатында жасалған жоспарға сәйкес алдағы уақыттарда да тиісті шаралар талапқа сай атқарылады.
1 | "Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" мемлекеттік коммуналдық мекемесі | altynsarin.balkhash.edu.kz |
2 | "Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ә.Ахметов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" мемлекеттік коммуналдық мекемесі | ahmetov.balkhash.edu.kz |
3 | "Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№2 Жамбыл атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" мемлекеттік коммуналдық мекемесі | 2-zhambyl.balkhash.edu.kz |
4 | "Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі | bakanas.balkhash.edu.kz |
5 | "Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Береке орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" мемлекеттік коммуналдық мекемесі | bereke.balkhash.edu.kz |
6 | "Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жиделі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен, Орақбалға шағын жинақталған бастауыш мектебімен" мемлекеттік коммуналдық мекемесі | zhideli.balkhash.edu.kz |
7 | "Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Д.Қонаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" мемлекеттік коммуналдық мекемесі | konaev.balkhash.edu.kz |
8 | "Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарағаш орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі | karagash.balkhash.edu.kz |
9 | "Алматы облысы білім басқармасының Бапқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Көкжиде орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі | kokzhide.balkhash.edu.kz |
10 | "Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мектепке дейінгі шағын орталығымен Үлгілі орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі | ulgili.balkhash.edu.kz |
11 | "Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Аралтөбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" мемлекеттік коммуналдық мекемесі | araltobe.balkhash.edu.kz |
12 | "Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен" мемлекеттік коммуналдық мекемесі | beisekbaev.balkhash.edu.kz |
13 | "Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№1 Жамбыл атындағы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі | 1-zhambyl.balkhash.edu.kz |
14 | "Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бірлік орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі | birlik.balkhash.edu.kz |
15 | "Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Н.Бозжанов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" мемлекеттік коммуналдық мекемесі | bozzhanov.balkhash.edu.kz |
16 | "Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Үшжарма негізгі орта мектеп жанындағы интернат" мемлекеттік коммуналдық мекемесі | ushzharma.balkhash.edu.kz |
17 | "Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бақанас мектеп-интернаты" мемлекеттік коммуналдық мекемесі | bakanas-internat.balkhash.edu.kz |
18 | "Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақдала орта мектебі Бояулы шағын жинақталған бастауыш мектебімен" мемлекеттік коммуналдық мекемесі | http://akdala.balkhash.edu.kz |
19 | "Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақкөл орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" мемлекеттік коммуналдық мекемесі | akkol.balkhash.edu.kz |
20 | "Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Топар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" мемлекеттік коммуналдық мекемесі | http://topar.balkhash.edu.kz/ |
21 | "Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ж.Бәрібаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" мемлекеттік коммуналдық мекемесі | http://baribaev.balkhash.edu.kz/ |