Балқаш ауданы бойынша білім саласын ақпараттандырудың жай-күйі
ҚР БҒМ Бұйрығымен бекітілген, білім беру ұйымының Типтік ережелеріне сәйкес толтыру қажет. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 4) тармақшасын "Ұлттық білім беру дерекқоры" ақпараттық жүйесін қалыптастыру, қолдап отыру, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграциялау және оның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекітуді іске асыру мақсатында
Балқаш ауданында күндізгі жалпы білім беретін 23 мектеп бар, ондағы оқушылар саны – 5333. Аудандық білім беру мекемелері былтырғы оқу жылымен 2753 пен аяқталса, 2022 жылы 2859 компьютерлік техникамен жабдықталды. Биылғы оқу жылында облыс тарапынан 80 компьютер сатып алуға мемлекеттік сатып алудың ашық конкурсы жарияланып, 18400,0 теңге қаражат бөлінді. 2022 жылы аудан бойынша бір компьютерге оқушы қатынасы – 2,0.
Ауданның 23 мектептің білім беру мекемесі «Күнделік» бірыңғай ақпараттық жүйесіне 20(87%) мектебі қосылды. Ал қалған 3 мектебі мектептің педагогикалық шешімі бойынша ) қағаз нұсқада жұмыс жасайды. Сонымен қатар, online mektep платформасымен 23 мектеп жұмыс істеп отыр. «Күнделік» және online mektep платформасына қосылған білім беру ұйымдарының мониторингі апта сайын жасалып, аудандық білім бөлімінің әдістемелік кеңесінде қаралады. ІT сынып бойынша 2018 жылы 2 мектепке Б.Бейсекбаев атындағы орта мектебі базасында және №1 Жамбыл атындағы орта мектебі , 2019 жылы 2 мектепке Д.Қонаев және Үлгілі орта мектебі базасынан IT сыныптар ашылды. 2021-2022 жылы 2 мектеп М.Сеңгірбаев ат. ом, №2 Жамбыл ат орта мектептеріне қойылды. Барлығы 6 мектеп жұмыс жасайды.
2022 жылында кеңжолақты оптика-талшықты 15 білім беру мекемесі қосылған, 65,2 пайызды құрайды, бұл көрсеткіш алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда 30,5 пайызға артты. 2022 жылға интернет жылдамдығын көтеруге 19 млн. теңге бөлінді. 100 Мбит/с жоғары жылдамдықты интернет желісіне 15 мектеп немесе 65,2 % қосылды, 50 мбит/с радиомост-2, 10 мбит/с АДСЛ- 2, 4 мбит/сек спутник арқылы 4 мектеп(Бозжанов аом, Үлгілі ом, Ахметов аом және Орақбалға бм) қосылған. Аудан орталығынан алыс орналасуына байланысты спутник арқылы қосылған интернет жылдамдықтары(1 мбит/сек) өте төмен.
"Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасын 3-міндет. Мектептерді жайлы, қауіпсіз және заманауи білім беру ортасымен қамтамасыз ету Физика, химия, биология, STEM пәндік кабинеттерімен қамтамасыз етілген негізгі және орта мектептердің үлесін іске асыру мақсатында 2022 жылы 2 физика(Алтынсарин ом, Аралтобе ом), 2 химия(Бәрібаев аом, Бақанас-Интернат) , 2 биология(Ақдала ом, Үлгілі ом) модификациялық кабинеттерімен жабдықталды. Жалпы жаңа модификациялық кабинеттермен физика - 17, химия - 14, биология - 14 жабдықталып, көрсеткіші – 66,7% құрайды. Аудан мектептері 13 лингафонды-мультимедиялық кабинеттермен жабдықталған, жабдықталу үлесі 66,7% құрайды.
Аудан 20 (87%) мектебінде 62 интерактивті панельді тақта орнатылған Wi-Fi роутерлермен 23 мектеп немесе 100% қамтамасыз етілді.
Аудандық вебинарлар, мониторинг, әдістемелік көмектер туралы
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына ғылыми - тәжірибелік қызығушылықты дамыту, жаңашылдық IТ-идеяларды қолдау және көмек беру мақсатында Облыстық білім беру саласындағы ғылыми - тәжірибелік ақпараттық технологиялар орталығының шешімдері мен бұйрықтарын басшылыққа ала отырып 5 әдістемелік консультациялық кеңес, 7 онлайн вебинарлар, 2 рет мектеп директорларымен семинар-кеңес, 7 мектепке әдістемелік көмек өткізілді. Атап айтсақ, Kundelik.kz платформасын іске қосу нәтижесінде Қазақстан Республикасындағы білім процесінің барлық қатысушылары үшін электрондық білім беру технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін білім беру сапасын арттыру, сондай-ақ жалпы білім беру ұйымдары мен орта білімді басқару органдарының білім беру, тәрбие және басқарушылық қызметтерінің функциялары мен процестерін автоматтандыру арқылы Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдары оқушыларының оқу жетістіктерін есепке алу жүйесін жетілдіру болып табылады. «Көкжиде орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 2022-2023 оқу жылында Kundelik.kz жүйесі жұмыс жасау үстінде. Бастапқы кезде қиындық туындады.Сол себепті мектебімізде «Электронды күнделіктің» артықшылығы мен кемшілігі қандай?» атты семинар болып өтті.Семинарға мектеп әкімшілігі мен ұстаздарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Ақдала орта мектебі Бояулы шағын жинақталған бастауыш мектебімен» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің «Жас мамандарды Kundelik.kz жүйесін пайдалану жолдарын үйрету» атты тақырыпта жас мамандарға арналған семинар өткізілді. Семинардың мақсаты - Жас мамандарға заманауи білім беруде – Kundelik.kz жүйесінде жаңа технологиямен жан - жақты ізденуге, іс-тәжірибемен алмасуға әдістемелік көмек көрсету. Семинарға 19 жас маман қатысты. Семинар бағдарламаға сәйкес өткізілді. Мектептің информатика пәнінің мұғалімдері Ж. Ахмет «Kundelik.kz жүйесімен таныстыру», «Kundelik.kz жүйесімен жұмыс жасау» атты тақырыптарда баяндама оқып, Ж.Қойшығұлова «КТЖ енгізу, сабақты бағалауды көрсету» тақырыбында семинар арқылы түсіндірілді. Семинар барысында ынтымақтастық және бірлескен жұмыс, Kundelik.kz жүйесінің әдіс-тәсілдері пайдаланылды.
Алматы облыстық білім беру саласындағы ғылыми – тәжірибелік ақпараттық технологиялар орталығының ұйымдастыруымен білім сапасын арттыруда ақпараттық технологиялардың маңызды рөл атқаратындығына басты назар аудара отырып, пән мұғалімдерінің тәжірибесі арқылы тиімді әдіс-тәсілдерді көрсету мақсатында №1 Жамбыл атындағы орта мектебінде «Цифрлық технология-заман талабы» тақырыбында өңіралық іс-тәжірибелік семинар өтті. Семинарға Алматы облыстық білім беру саласындағы ғылыми – тәжірибелік ақпараттық технологиялар орталығының бөлім басшысы міндетін уақытша атқарушы Балғабаева Айида Қайратқызы, әдіскерлері Әбішева Бағлан Қанатқызы, Смағұлов Айдарбек Ерасылұлы және аудан мектептерінің пән мұғалімдері қатысып, іс- тәжірибелерімен бөлісті. №1Жамбыл аом, Сеңгірбаев аом, Қонаев ат ом және Үлгілі орта мектептеріне «Робототехника элективті курсында виртуалды конструкторды және Arduino платасын қолдану» ерекшеліктерін зерделей отырып көмек берілді. Алматы облыстық білім беру саласындағы ғылыми-тәжірибелік акпараттык технологиялар орталығының ұйымдастыруымен аудан мұғалімдеріне арналтан «BilimLand» білім беру платформаларын пайдалану бойынша кестеге сәйкес семинар тренинг ZOOM платформасы аркылы өтті. Семинарға 115 мұғалім қатысты.
Апта сайын білім бөлімі сайтын, Instagram, Facebook парақшаларын жандандыру бойынша жұмыстарды жалғастырып, сайтқа әлеуметтік желілерге ақпараттарды жедел еңгізу бойынша жыл бойына 126 жаңалықтар (публикация) салынды.
Шығармашылықпен, ақпараттандырумен жүйелі жұмыс істейтін, талантты, парасатты өзіндік авторлық жаңашыл идеясы бар, ғылыми-әдістемелік шеберлігі қалыптасқан, педагогикалық мәдениеті жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше, үздік маманды анықтау мақсатында аудандық «Үздік бейнесабақтар топтамасы - 2022» байқауы өткізілді. Байқауға аудан білім мекемелерінен 32 мұғалім қатысты. Байқау сынақтарының нәтижесі бойынша қазылар алқасы І, ІІ, ІІІ орындар және номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықталып. Барлық қатысушыларға алғыс хат берілді.
Ақпан айының 16 күні Балқаш аудандық білім бөлімі мен аудандық білім саласы бойынша ақпараттық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен аудан мектептері оқушылары арасында оқушылардың жеке тұлға және шығармашылық тұрғыда өзін-өзі жетілдіруіне бағдарланған инновациалық қызметтерін ынталандыру мақсатында аудандық «Үздік сандық ресурс» байқауы өткізілді. Байқауға аудан білім мекемелерінен 39 оқушы қатысты. Байқау 3 кезең бойынша өткізілді. Байқау жобасы:
- «Электрондық оқулық» - интерактивті мультимедиалық электрондық оқулықтар; - «Анимация»- техникалық құрылғылардың, табиғи құбылыстардың және нысандардың моделі, процестерді көрсету, анимациялық тәжірибе. - «Оқыту ойындары»- интерактивті ойын немесе викторина. «Электрондық оқулық» - интерактивті мультимедиалық электрондық оқулықтар жобасына 12 оқушы қатысты: І орын - Топар орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ернат Е; ІІ орын - Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназясының 10 сынып оқушысы Ерланұлы Ә; ІІІ орындарға- №2 Жамбыл атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Бақдаулетқызы орындарға иеленді.
2022 жылдың сәуір айында Алматы облыстық білім беру саласындағы ғылыми-тәжірибелік ақпараттық технологиялар орталығының жұмыс жоспарына сәйкес аудан мектептері арасында «Оқытуды цифрландыру Bilimland ресурстарын пайдалану қаншалықты тиімді?» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн вебинар өтті. Мақсаты – аудан мұғалімдерімен тәжірибе алмаса отырып, оқытуды цифрландыру Bilimland ресурстарын сабақта тиімді пайдалану. Бұл вебинарға ауданымыздағы 20 мектеп мұғалімдері қатысты. Вебинарды мектеп-гимназия директоры Жайдары Даупасқызы бастап, педагог- сарапшы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлжан Мұхтарқызы 5 «а» сыныбында Bilimland.kz ресурстарын қалай қолданып жатқандығы туралы іс-тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, педагог- сарапшы, информатика пәнінің мұғалімі Меруерт Ердахметқызы мектеп-гимназияның мұғалімдері мен оқушыларының BilimLand порталындағы статистика көрсеткіштері бойынша өз таныстырылын көрсетіп, өз ойымен бөлісті. Соңында аудан мұғалімдері өз ой-пікірлерін, ұсыныстарын Padlet тақтасына жазбаша қалдырды.
Робототехника – адам өміріндегі дендеп келе жатқан болашағы өте зор сала. Аудандық білім беру саласындағы ғылыми- тәжірибелік ақпараттық технологиялар орталығының ұйымдастыруымен М.Сеңгірбаев атындағы орта мектепте «Робототехника-2022» көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 18 информатика пәнінің мұғалімдері және 82 оқушы қатысты. Көрмеге «Піл», «Экскаватор», «Погрузчик», Жол таңдамайтын көлік», «Кран» т.б сынды жұмыстар қойылды. Көрме барысында робот техникасы көмегімен шығармашылық жобалар құру арқылы оқушыларды оқытудың ерекшеліктері талқыланып, педагогтардың өзара пікір алмасуына жағдай жасалды. Осы мақсатқа сәйкес Lego Mindstroms EV3 және Arduino құралдарында шығармашылық жобалардың маңызын сипаттау және ақылды технологияларды құруда робот техника құралдарының ерекшелігі туралы ақпараттармен бөлісті. 1Жамбыл атын.ОМ, М.Сеңгірбаев атын.ОМ, Б.Бейсекбаев атын.ОМГ, Үлгілі ОМ, Д.А.Қонаев атын. ОМ, Бірлік орта мектептерінің лидерлері өздерінің жасаған жұмыстарымен бөлісті. Көрмеге қатысушы информатика пәнінің мұғалімдері өз жұмыстарын көрсеткен әріптестерінің жұмыстарына оң баға беріп, жұмыстарына жеміс тіледі.
Модернизиациялық 6 мектепке жаңа модификациялық келген физика, химия, биология кабинеттеріне жауапты мұғалімдеріне арналған онлайн форматта семинар өткізілді. Семинарға 18 мұғалім қатысты. Оқыту семинарды "Q-ADAM" мамандары түсіндіру жұмыстарымен бастады. Roqed Science компьютерлік бағдарламасымен таныстырып, оны орнату, тиімділігін көрсетіп, виртуалды зертханасымен таныстырып, мұғалімдерге әдістемелік көмек берілді. Соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар берілді.
Аудан бойынша 2 мектеп Pisa халықаралық зерттеуге түсті. Мектептің 62 компьютерлеріне нұсқаулық бойынша бағдарлама орнатып, интернет желісіне үсздіксіз істеп тұруына әдістемелік көмек берілді.
Облыстық интерактивті сабақтар туралы мәлімет
№ | Аудан (қала) | Сабақ саны | Пәні |
1 | Балқаш | 4 | Математика, информатика, орыс тілі , Химия |
Жалпы саны | 4 |
Балқаш ауданы бойынша онлайн режимінде интерактивті сабақтарға қатысатын білім беру ұйымдарының саны 4. Аудан бойынша 2022-2023 оқу жылдығында өткізілген облыстық интерактивті сабақтар саны 4. Алматы облысының білім беру саласындағы ғылыми-тәжірибелік ақпараттық технологиялар орталығының ұйымдастыруымен Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесінің информатика пәнінің мұғалімі Халықова Алвира Манатқызы 6-сыныппен «3D редактор құралдары» тақырыбында интерактивті сабағын өткізді. Мұғалім сабақ барысында түрлі интербелсенді әдістерді, атап айтқанда, «Fill the gaps» әдісі, «Mix & Match» әдістерін қоланып оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыра білді. Нәтижесінде оқушылар әртүрлі графикалық редакторлардың көмегімен компьютерді қолданып модельдеу, 3D редакторларымен жасалған модельдерді әртүрлі графикалық және бейне форматтарға экспорттауды үйренді, сондай-ақ, 3D принтерлерде басып шығаруға , жабдық бөлшектерін ауыстыру үшін де пайдалануға болатынын, модельдеу мен жобалаудың үлкен саласы сәулет, дизайн жасау кезінде қолданылатынын түсінді. Алдағы уақытта жоспар бойынша 3 мұғалім өз іс тәжірибесін тарататын болады. "Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Алматы облыстық білім беру саласындағы ғылыми - тәжірибелік ақпараттық технологиялар орталығының ұйымдастыруымен №2Жамбыл атындағы орта мектебінің мұғалімі Карагаева Алия Сергеевна 4 сыныпта өзін – өзі тану пәнінен "Ардақты ат» тақырыбында облыс көлемінде SABAK.KZ платформасында онлайн сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты оқушыларға адам өміріндегі жақсылықтың маңыздылығын түсіндіре отырып, адамгершілік құндылығының мәнін ашу. Сабақ барысында оқушыларға еліміздің ардақты атқа ие болған тұлғаларына байланысты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар адамгершілік құндылығына байланысты бейнежазбалар көрсетілді.