03 Тамыз 2024
Материал

Білім беру тапсырысына конкурс

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк білім бeрy тaпсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру!
1.«Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Бақанас ауылындағы «Жасұлан» балалар бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі;

Мекен-жайы: Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, З.Әбілдаев көшесі, №3үй.

11.«Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Бақбақты ауылындағы «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі;

Мекен-жайы: Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақбақты ауылы, Абай көшесі, №35 үй.

Білім беру ұйымының басшысы лауазымына кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі; үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде - 5 жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда 2 жыл, ауылдық жерде – 3 жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда 1 жыл;

оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы, педагогикалық жұмыстың өтілі кемінде 5 жыл.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымы басшысының лауазымдық міндеттері: нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие ұйымның (бұдан әрі - МДҰ) қызметін және педагогикалық кеңес жұмысын басқарады.Оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп ережелерін бақылайды.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру, оның ішінде кедергісіз орта құру үшін арнайы жағдайлар жасайды.

Білім беру ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді.Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, тамақтандыру және балаларға дәрігерлік қызмет көрсету үшін ұйымды қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның жұмсалуы туралы есеп береді.Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады. Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді.

Кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды.Белгіленген тәртіппен қызметкерлердің біліктілік санатын беру (растау) жүргізеді.Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізу. Білім беру ұйымдарының туралы қажетті есепті дайындауды және ұсынуды жүзеге асырады.

Лауазымдық айлықақы мөлшері:Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының басшысының лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 184 982 теңгеден 201 334 теңгеге дейін.

Конкурсты өткізу күні мен орны:

Конкурс Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, №26 үй мекен-жайы бойынша өтеді.

Конкурсты өткізу күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес айқындалады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурсқа қатысуға өтінімдер хабарлама жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) біліктілік тестілеу сертификаты;

10) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;

11) түйіндеме.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5), 6) 7), 8) 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

Байқаушының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.

Пошталық мекен-жайы: индекс:040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26 үй, 5 қабат, № 513 кабинет, анықтама телефоны: 8 (7282) 329416.Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..

Уақытша бос лауазымға конкурс өткізу кезінде бірінші басшының уақытша бос лауазымының мерзімі: 1.05.01.2022 ж.; 2. 13.01.2022ж.; 3. Жаңадан ашылатын балабақша; 4. 28.08.2020ж.; 5. 01.11.2021ж.; 6.01.09.2020ж.; 7.01.09.2021ж; 8. 15.03.2021 ж.; 9. 01.10.2021 ж.; 10.04.11.2021 ж.; 11. 01.11.2021ж.

Мемлекеттік білім беру

ұйымдарының бірінші

басшылары мен

педагогтерін лауазымға

тағайындау,

лауазымнан босату

қағидаларына

5-қосымша

Нысан

____________________________

конкурс жариялаған мемлекеттік

орган

____________________________________________________________________

кандидаттың Т.Ә.А. (болған жағдайда), ЖСН

____________________________________________________________________

(лауазымы, жұмыс орны)

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефондары.

Өтініш

Мені _________________________________________________ бос лауазымына/уақытша

(білім беру ұйымының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала/ауыл)

бос лауазымына (керегінің астын сызу керек) орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

Қазіргі уақытта ______________________________________________ жұмыс жасаймын.

(лауазымы, білім беру ұйымының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала/ауыл)

Тестілеуді тапсыру тілі: қазақ/орыс

керегінің астын сызу керек

Конкурс қағидаларымен таныстым:

Білімі: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, техникалық және кәсіптік білім

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандық


Біліктілік санатының бар болуы (бар болса берілген (расталған) күні):

____________________________________________________________________

Жұмыс өтілі:

Жалпы

Педагогикалық

Мемлекеттік қызмет өтілі

Мамандық бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін)

Осы білім беру ұйымында, оның ішінде атқаратын лауазымында

 

Келесі жұмыс нәтижелерін негізге аламын:

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Наградалары, атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса)_____________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

Мен дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен менің дербес деректерімді мерзімсіз өңдеуге (фото, бейне және бейне көрсетілімдерді, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе осындай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) келісемін.

Тестілеу өтетін ғимаратта тыйым салынған заттардың бірін пайдаланғаны үшін жауапкершілік туралы, тиісті акт жасалып, шығарылатыны туралы ескертілді.

Тыйым салынған зат табылған жағдайда бір жыл мерзімге тестілеуден өту құқығынан айырылатыным туралы ескертілді.

Ұлттық біліктілік тестілеуін өткізу кезінде, сондай-ақ бейне жазбаны қарау кезінде қағидаларды бұзу фактілері анықталған жағдайда, тапсыру мерзіміне қарамастан акт жасалатыны және нәтижелердің күші жойылатыны ескертілді.

Тыйым салынған заттар:

- ұялы байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), iPhone (Айфон), SmartPhone (Смартфон), Смартсағаттар);

- ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер);

- радио-электрондық байланыстың кез келген түрлері (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи); 5G (5 Джи);

- сымды және сымсыз құлаққаптар және басқалары;

- шпаргалкалар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер;

- калькуляторлар мен түзету сұйықтығы.

Келісемін ________________________________________________

(Т.А.Ә. (болған жағдайда)) (қолы)

Тестілеуді және конкурс өткізу қағидаларымен таныстым.

20___жылғы "____" ______________ ____________________
/қолы /

Пайдалы ақпараттық ресурстар