05 Тамыз 2024
Жаңалықтар

Спорт - бақытқа бастар жол

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Ақдала орта мектебінде кіші спорт залы ашылып, ауыл тұрғындары мен мектеп оқушыларына қуаныш сыйлады.

Саламатты ұрпақ - ұлт болашағының нағыз іргетасы іспетті. Сондықтан да балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен және спортпен барынша қамтуды қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасауды жандандыра білу керек. Ақдала орта мектебінде жоғары сынып оқушыларына арналған спорт зал бар, бірақ бастауыш сынып оқушыларына спорт зал болмағандықтан дене тәрбиесі пән мұғалімдері қолайсыз жағдайларда қалып қойып жүрді. Осыны ескерген мектеп директоры Айгүл Қуанышбекқызы бастауыш сыныпқа спорт залын ашу мақсатында бұрыңғы жылу қазандығы орналасқан бөлмеге жөндеу жұмыстарын дереу қолға алды. Жаңа спорт залын ашу үшін алдымен білім шаңырағындағы дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерін жұмылдырды. Олар бос уақыттарында ескі бөлмені қалпына келтіру үшін құрылыс жұмыстарын жасаса, ауыл жастары спорт залдың есік, терезелерін жаңалауға қаражат қарастырды. Құрылыс жұмыстарын жасау қанша қиындық туғызса да, Ақдала орта мектебінің мұғалімдері бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білді.

Пайдалы ақпараттық ресурстар