05 Тамыз 2024
Жаңалықтар

Аудан білім мекемелеріне Президент үндеуінен туындайтын міндеттер

 12 қаңтар күні (2022 жылы) Балқаш аудандық білім бөлімінде аудан білім мекемелерінің басшыларымен арнайы жиын өткізілді. Жиынға 23 мектептің директоры мен 8 балалар бақшасының меңгерушісі қатысты. Жиында қаңтар айының басынан басталған басбұзарлар мен содырлар тарапынан ұйымдастырылған келеңсіз жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қасіретті қаңтар сабағы жайындағы Үндеуі талқыланды. Балқаш аудандық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының аға әдіскері Ж.Қойшығұлов «Аудан білім мекемелеріне Президент үндеуінен туындайтын міндеттер» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама бойынша Ж.Бәрібаев атындағы орта мектептің директоры Н.Деңгелбаева, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Н.Бірлікбаева т.б. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қаңтар оқиғасы» кезеңіндегі оң шешімдерін қолдап, алдағы мерзімде Мемлекет басшысының Үндеуі бойынша тиісті шараларды жауапкершілікпен атқаруға шақырды.

Пайдалы ақпараттық ресурстар