Балқаш аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына арнаған
«Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауы талқыланды. Талқылау шарасына Балқаш аудандық білім бөлімінің мамандары, аудандық білімді дамыту
оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері және Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназияның мұғалімдері қатысты.
Балқаш аудандық білім бөлімінің басшысы А.Аймұханбет Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына арнаған
«Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында көтерілген мәселелер бойынша баяндама жасады. Баяндамашы Президент "Күшті Президент - ықпалды
Парламент - есеп беретін Үкімет" қағидатын басшылыққа алып, сол стратегиялық мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін 10 бастаманы ұсынғанын және ол бастамаларды
жан-жақты талқылап өтті.
Аудандық білім бөлімінің бас маманы Д.Ақмолдаева, Б.Бейсекбаев атындағы орта мектептің директоры Ж.Әлімбаева, Б.Бейсекбаев атындағы орта мектептің мұғалімі
Б.Ұйқасбаев Жолдауға оң бағасын берді.
Жолдауды талқылауға жиналғандар Жолдауға деген ризашылықтарын жеткізіп және Жолдауды талдауды ұйымдастырған Балқаш аудандық білім бөліміне алғыстарын
білдірді.
05 Тамыз 2024
Жаңалықтар
«Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы»
Пайдалы ақпараттық ресурстар