Құрметті аудан білім беру ұйымдарының педагогтары, әріптестер!
Аса қадірлі аудан тұрғындары!
Баршаңызды Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 77 жыл толған «Жеңіс күні» мерекесімен құттықтаймын!
Қанына батырлық, жанына ерлік, бойына парасаттылық дарыған аталарымыз сол сұм соғыста асқан табандылық танытты. Қар жастанды, мұз төсенді. Барша адамзат баласына деген мейірімділік жетегімен сол кезгі Одақтас республикалардың елі мен жерін қорғады. Олардың жерінде фашистік Германияның үстемдік құруының алдын алды. Жауды қуған ата-апаларымыз Берлинге дейін барды. Рейхстагқа тұңғыш туды Рақымжан Қошқарбаев атамыз тікті.
Сүйектері жат жерде қалған аталарымыздың елге даңқы жетті. Ерліктері аңыз болған олардың ерліктері кейінгі ұрпаққа – ұран, елімізге – мұра. Олардың ерліктері бүгінгі ұрпақ бойына патриотизмнің дәнін егеді.
Аталардың ең басты асыл арманы – тәуелсіздік. Және сол тәуелсіздіктің баянды болуы. Сол арманға жету жолындағы олардың ерліктерін ұрпаққа жеткізу – біздің асыл мұратымыз. Сіздер осы асыл мұрат жолында аянбай еңбек етіп келесіздер.
Бүгінгі мерекеде баршаңызға зор денсаулық, ұзақ әрі бақытты өмір, еңбектеріңізге табыс тілеймін.