05 Тамыз 2024
Жаңалықтар

«Түлек 2022 – жаңа қазақстанның ертеңі!»

Балқаш аудандық білім бөліміне қарасты мекемелерінде 25 мамыр күні сағат 9.00ден бастап, «ТҮЛЕК 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі!» атты салтанатты жиыны өткізілді.
Мақсаты – мектеп дәстүрлерінің сабақтастығын сақтау,отансүйгіштік пен әлеуметтік жауапкершілікті,ұстаздарға, ата - аналарға, мектепішілік достарына алғыс сезімін, туған мектепке деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Мектеп алаңдары шарлар, жалаушалар, гүлдер, салтанатты жиынға арналып безендірілді. Биылғы жылдың ерекшелігі «Соңғы қоңырау» мерекесі тарихи оқиғаларға толы жыл болды. Атап айтсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2022 жыл – Балалар жылы» деп жариялады. Бұл дегеніміз биылғы жылы жас буынның тәрбиесі мен біліміне баса мән беріледі деген сөз. Салтанатты жиынға аудан ауыл әкімдері, аудан әкімдігіне қарасты мекемелердің басшылары, білім бөлімі мамандары, ардагер ұстаздар, 10,20,30,40 жыл мектеп бітірген түлектер қатысты.Аудан әкімі Тоқпейісов Ғалым Қасымұлы, аудан әкімінің орынбасары Бөріхан Нарымбетұлы, білім бөлімінің басшысы Аймұханбет Айман Әміркешқызы Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясының соңғы қоңырау кешіне қатысып, мектеп бітіруші түлектерді соңғы қоңырау мерекесімен құттықтады. Балқаш ауданы бойынша 1-11 сыныптағы 5378 оқушыға барлық мектепте қауіпсіздік шараларды сақтай отырып, мектеп бітіруші269 түлекке, және мектеп оқушыларына соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. Биылғы мектеп бітіруші түлектердің аудан бойынша 9-ы алтын белгі, 28-сы үздік аттестатқа үміткер. Салтанатты шараларда 1 сынып сынып оқушылары мектеп бітіруші түлектерге арнау өлеңдерін оқыса,мектеп бітіруші түлектер ұстаздарына дайындаған видеороликтерін, әдеби сазды өлең шумақтары арнады.

Пайдалы ақпараттық ресурстар