Балқаш аудандық білім бөліміне қарасты мекемелерде 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай аудан мектептерінің аудандық білім бөлімінің арнайы іс-шара жоспары жасалып,білім мекемелерінде ауыл әкімшілігі, демеушілердің қолдауымен «Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық!» тақырыбында іс-шаралар өткізілді. Шараға балабақшадағы, мектепалдыдаярлық тобының 1-8 сынып оқушылары барлығы 2800 бала қамтылды.
Аудан орталығындағы «Жас ұлан» балабақшасы,Б.Бейсекбаев, М. Сеңгірбаев ,Мектеп-интернаты,Саз мектебінің балаларына аудандағы Д.Қонаев атындағы саябақта 1-маусым -Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бақытты балалық шақ» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараға аудан мектептерінің, балабақшалардың әнші, биші, өнерлі жұлдыздары, спортшылары қатыстырылды.
1-маусым -Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бақытты балалық шақ» тақырыбында өткізілген шараға аудан әкімінің орынбасары Әбдібаев Бөріхан Нарымбетұлы, білім бөлімінің басшысы Аймұханбет Айман Әміркешқызы, мекеме басшылары қатысты.
Көңілді шараға спорт мектебінің спортшылары спорттық эстафеталар,аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары байқауға қатысқан балалардың өнеріне баға берді.
Мерекелік шараға аудан мектептерінің дарынды оқушыларының шеруі, ән-би сайысы, тоғызқұмалақ, дойбы, арқан тарту, үстел теннисінен балаларымыз өз өнерлерін көрсетті. Шараға қатысқан балаларға демеушілеріміздің тарапынан балмұздақтар, түрлі ойыншықтар, оқу-құралдары таратылды. Аудандық білім бөлімі тарапынан байқауға қатысқан мекемелердің балаларына «Алғыс хат», арнайы сыйлықтар берілді.
Аудан орталығындағы шараға 980 бала қатысты.Аудан бойынша өткізілген іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдарына, интернет желілеріне жүктелді. Жыл бойы бала жылына арналған іс-шаралар жалғасын табатын болады.
https://balqash.edugov.kz/janaliktar-basti-oral/10990-1-mausym-khaly-araly-balalardy-or-au-k-ni.html#sigFreeId4812d26864