05 Тамыз 2024
Жаңалықтар

Тәрбие жұмысы бойынша әдіскерлеріне, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына мен педагог-психологтарына семинар

Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан», «Еңбек адамы», «Толық адам», «Адал адам» идеологияларын қамтитын және адамгершілік, тұлғалық қасиеттерді айқындайтын ұлттық мүдде, ар-ұят, талап құндылықтарын дарытуға бағытталған Біртұтас тәрбие бағдарламасы әзірленген.
Аталған бағдарлама осы оқу жылынан бастап жүзеге асырылуда. Бағдарлама мазмұнын түсіндіріп, жүйелі жұмысты іске асыруын қамтамасыз ету мақсатында облыс көлемінде Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Медетбекова Меруерт Асқарбекқызы, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту орталығының басшысы Тәңірбергенова Анар аудандық, қалалық білім бөлімдерінің тәрбие жұмысы бойынша әдіскерлеріне, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына мен педагог-психологтарына семинар өткізді.
Семинарға 500-ге тарта педагогтер қатысты.
Семинар теориялық және практикалық бағытта жүргізілді. Семинар соңы сұрақ-жауап, ұсыныс, пікірлерге ұласт

Пайдалы ақпараттық ресурстар