Балқаш аудандық білім бөліміне қарасты білім мекемелерінде 2023 жылғы 15-25 қараша аралығында «Дүниежүзілік балаларды қорғау күні: балаларға арналған өмір» атты республикалық онкүндік өткізілетінін хабарлаймыз.
Республикалық онкүндіктің мақсаты: мерекелік іс-шараларды ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу, мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, бизнес-топтардың, БАҚ-тың күш-жігерін балалардың мүддесі үшін мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелеріне қоғамның назарын аударуда біріктіру.
Республикалық онкүндіктің міндеттері:
1) мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның сындарлы диалогын құру;
2) балалардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік іс-шаралар туралы жұртшылықты хабардар ету;
3) қайырымдылық қозғалысын жандандыру;
4) балалардың барлық санаттарын мерекелік іс-шаралармен, оның ішінде қашықтықтан жаппай қамтумен қамтамасыз ету.
Күтілетін нәтиже:
1) республиканың барлық өңірлерінде балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін іске асыратын үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды нығайту;
2) балалардың құқықтарын қорғау саласында мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шаралары туралы жұртшылықты хабардар ету;
3) балалардың қоғам мен мемлекет өміріндегі өзекті мәселелерді шешуге қатысу құқығын іске асыру .
Шара барысында «Бақытты бала – бейбіт елдің тірегі» - Балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша көп балалы аналармен, ата-аналар қауымдастықтарымен кездесулер ;
«Күндей күлген анамның, баласы болып қаламын!» 1-4 сынып оқушылары арасында бақытты балалық шақ бейнеленген сурет байқауы;
«Бала құқығы – асыл қазына» - жалпы білім беретін мектептердің 5-11 сынып оқушылары арасында эссе байқауы;
«Түнгі ауылдағы балалар» - Ішкі істер қызметкерлерімен бірлескен акция;
«Балалар игілігі үшін» - қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесін өткізе отырып, қайырымдылық акциясын ұйымдастырылуда
#біртұтас_тәрбие
05 Тамыз 2024
Жаңалықтар
Дүниежүзілік балалар күні
Пайдалы ақпараттық ресурстар